Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада 400-100.kz ресми сайтын іске қосылды

Қызылорда облысының әкімдігі коронавируске қатысты жедел әрі нақты ақпарат тарату мақсатында "400-100.kz" ресми сайтын іске қосты.
Бұл ресурста облыс аумағындағы коронавируске қатысты күнделікті статистика, аудандар бөлінісіндегі деректер, брифингтер, нормативтік-құқықтық актілер, жедел желі телефондары, жаңалықтар орналастырылады.
Сонымен қатар, аурудың алдын алу, белгілері, инфографикалар, суреттер форматындағы тәртіп ережелері және басқа да пайдалы ақпарат жарияланады.
Сондай-ақ, блок-посттардан өтуге арналған өтінім үлгілерін осы жерден алуға болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: