Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АРАЛДА ГАЗДАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

АРАЛДА ГАЗДАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫӨткен жылдың 17 қарашасынан бері аймақ басшысының қолдауымен ауданымызда газдандыру жүйесі іске қосылып, Арал өңіріне бір серпіліс келген болатын.
Алайда, нақты көрсеткіштерге сүйенсек көгілдір отынды 6638 отбасының 13% ғана тұтынып отыр. Мұндағы басты себеп, газ қондыру қызметінің баршаға бірдей қолжетімді болмай тұрғандығында. Осы ретте газдандыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп, жандандыру мақсатында аудан әкімдігінің мәжіліс залында жиын өтті.
Арнайы бас қосуға «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ы облыстық өндірістік филиалы директорының бірінші орынбасары – Қ.Нұрлыбаев, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ы бас инженерінің орынбасары – Ж.Әлішев және «Зенит ТВК» ЖШС-нің директоры – С.Сарсенов, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ы облыстық өндірістік филиалының бөлім бастығы Е.Жабаев, сондай-ақ Арал газ шаруашылығы мекемесінің директоры Ә.Алданов қатысты.
Жиында аудан әкімінің орынбасары М.Оразбаев газ жүргізуді ілгерілетіп, жалғастыру жұмыстарын қолға алу керектігін сөз етті. Сондай-ақ, газ жүйесіне қолжетімділік жолдарын ашық талқыға салу үшін арнайы келген мамандар істің барысын түсіндіріп, қазіргі таңда газ жүргізу үшін бірқатар банктер тарапынан халыққа жеңілдетілген несие берілетіндігін хабарлады. 
Жалпы облыс көлемінде газ жүргізу жұмыстары бойынша 32 компания қызмет көрсететін болса, соның ішінде, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның жұмысы сапалы әрі кепілдік беретіндігімен, мемлекет тарапынан заң талаптарына сай қызмет көрсететін жақтарымен ерекшеленеді.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: