Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АРАЛДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

АРАЛДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫОблыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова Арал ауданына арнайы іс-сапармен келіп медицина саласы қызметкерлерімен жиын өткізді. 
Жиынды аудан әкімінің орынбасары Жұмагүл Әлішева жүргізіп отырды. Жиын барысында аудандық аурухананың бас дәрігері Марат Құбылұлы баяндама оқып денсаулық сақтау саласындағы жетістіктер мен кемшіл тұстарға шолу жасады. Аудандағы түрлі қызмет көрсететін емдеу орталықтары халық саулығын сақтау мақсатында бірқатар жұмыстар атқаруда. Бүгінде ауданда 123 жоғары білімді дәрігер болса, осы жылдың өзінде 45 дәрігер, 106 орта буынды медицина қызметкерлері біліктілік арттыру курстарында оқып қайтқан. 
Жиыннан соң Ақмарал Әлназарова аудан тұрғындарын жеке қабылдап, мәселелеріне құлақ түрді. Және шешуге жұмыс жасауға уәде берді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: