Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Түркістандық таныстарын алдаған алаяқ Жаңақорғанда ұсталды

Түркістан қаласының тұрғындарын “жұмысқа тұрғызып беремін” деп алдаған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Желтоқсан айының 24-і күні Түркістан қаласының үш тұрғыны алаяқтың құрбаны болғаны туралы Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жаңақорған ауданының полиция бөліміне арызданған. Былтыр маусым-шілде айларында ортақ таныстары сеніміне кіріп “жұмысқа тұрғызып беремін” деп жалпы соммасы 395 мың теңге ақшасын алған. Бірақ осы күнге дейін уәдесін де орындамаған, ақшаларын да қайтармаған. Жедел іздестіру шараларының барысында қызылордалық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол 46 жастағы Жаңақорған ауданының тұрғыны болып шықты. 
Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: