Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев сол жағалаудағы құрылыс жұмыстарымен танысты.
Сол жағалаудағы жаңа қаланың инженерлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстарымен қатар, құрылыс компанияларының өз қаржысы есебінен салынып жатқан 18 тұрғын үйдің және мемлекеттік бағдарламалар арқылы жаңадан құрылысы басталған 8 үйдің құрылысымен де танысты.
Жалпы ауданы 10 мың 863 шаршы метрді құрайтын 220 пәтерлік 4 үйге республикалық бюджеттен 1 млрд. 521 млн. теңге қаралған. Бұл үйлер тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға сатып алу құқығымен жалға беріледі деп күтілуде.
Сондай-ақ, облыстық бюджеттен бөлінген 2 млрд. 115,7 млн. теңгеге салынып жатқан, жалпы көлемі 15 мың 339,2 шаршы метр болатын 240 пәтерлік 4 үй ипотекалық несие арқылы табысталады.