Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

БІЛІМ САЛАСЫН БАҚЫЛАУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ

БІЛІМ САЛАСЫН БАҚЫЛАУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІБүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысының білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Руслан Чагай баспасөз мәслихатын өткізді. 
Департамент басшысы өз баяндамасында білім беру ұйымдарында жүргізілетін мемлекеттік аттестаттау, ішінара және жоспардан тыс тексерулерге, лицензиялаудың талаптары мен ҰБТ-да болатын өзерістер мен білім алушылардың білімін сырттай бағалау мәселелеріне кеңінен тоқталды. 
Өткен жылы облыстың білім беру ұйымдарында 31 ішінара және 18 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, барлығы 49 мекемеге 1 092 315 теңге көлемінде айыппұл салынған. 
- «Е-лицензиялау» бағдарламасы бойынша департаментте 146 өтініш тіркелген. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері департаменттің веб-порталы арқылы жүзеге асырылып, тіркелген өтініш иелеріне толықтай жауап берілді. Ал, ҰБТ мәселесіне келетін болсақ, өткен жылдың 2-4 маусым аралығында облыстың 9 тестілеу пунктінде ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілді. Оған 6925 мектеп бітірушінің 4643-і қатысуға тілек білдірген. Нақты ҰБТ-ға 4561 мектеп бітіруші қатысты. Нәтижесінде орташа балл 82,5 пайызды құрап, 2015 жылмен салыстырғанда 1,1 балға жоғарылады, - деді Руслан Чагай.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: