Арал ауданы әкімдігінің мәжіліс залында «Сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдары» тақырыбында оқыту семинары өткізілді. Оны облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Туған жер» қоғамдық қозғалысы» қауымдастығының ұйымдастырды.
Оқыту семинарында «Туған жер» қоғамдық қозғалысы» қауымдастығының төрайымы Құрманкүл Ерімбетова, «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының директоры, заң ғылымдарының магистрі Жандос Тұсмағамбетов және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Батыс аймағы бөлімінің бас маманы Әділхан Жөлекешов сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша хабарламалар жасады. Шара барысында ұйымдастырушылар қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша таратпа материалдарын үйлестірді. Жиынға қатысушылар мемлекет үшін аса маңызды міндет – сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегия қалыптасқандығын, енді оны іске асыру жолында еңбек ету қажеттігін бірауыздан мақұлдады.