Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЗАЛЫДА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

ҚАЗАЛЫДА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ Қызылорда облысы келер жылдан бастап ет экспортына басымдық бермек. Бұл бағытта қазір облыста мал бордақылау алаңдарын салу жұмыстары қызу жүруде. Ет экспортына бағытталған жобалардың бірі 500 бас ірі қараны бордақылау кешені ашылды. 
21 гектар жерді жалып жатқан бұл кешенде бір мезгілде 500 бас ірі қараның күйін келтіруге болады. Инвестициялық жобаның жалпы құны 335 миллион теңге. Оның 70 пайызын «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы қаржыландырса, қалғаны жергілікті кәсіпкер Мінажаддин Өтеевтің үлесінде. 
- Көктем айларынан бастап осы жерге консерві зауытын қойғымыз кеп жатыр. Яғни, әрі қарай еттің кластерін жасау үшін. Қазір дайындық жұмыстарын бастап кеттік, - кәсіпкер Мінажаддин Өтеев. 
Ферма жанында заманауи үлгідегі мал сою бекеті де бар. Мұнда өндірілетін ет нарықтағыдан арзан болады. Өйткені, шаруашылық мал азығына керек дақылдарды өздері егіп, өздері дайындайды. 
Қазір облыста 2200 басқа арналған осындай 18 мал бордақылау алаңы бар. Жаңақорған ауданында 7 мың тонна қой етін өңдейтін комбинат саланытын болады. 50 мың бас бордақылайтын Жаңақорған және Қармақшы ауданыдарында алаңдар салынатын болады. Олар Қытай, Иран мемлекеттеріне өнім экспорттауға үлкен мүмкіндік береді. Қазіргі таңда Сырдария ауданында 3 мың басқа арналған бордақылау алаңының құрылысы қарқынды жүруде.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: