Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЗАЛЫДА БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

ҚАЗАЛЫДА БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІЕлімізде жұмыссыздық мәселесін шешу жолдары барынша қарастырылып жатыр. Халықтың жаппай еңбекпен тартылуы Елбасының тікелей қадағалауында. Қабылданған мемлекеттік бағдарламар да оң нәтижесін беруде. Қазалы ауданында да жұмыссыздықты болдырмау шаралары барынша қолға алынған. 
Аудандық жастар үйінде бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде 8 мекеме бойынша 33 бос жұмыс орны ұсынылып, қатысушыларға «Жастар тәжірибесі», «Кәсіби даярлау, қайта даярлау және қайта оқыту», «Әлеуметтік жұмыс орындары», т.б. үнпарақтар таратылды.
Жалпы Қазалыда жұмыспен қамту 4 бағыт бойынша жүргізілуде. Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды, табысы аз адамдарды оқыту және ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу бағыттары бойынша әлеуметтік маңызды жобалар жүзеге асырылып жатыр.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: