Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Танысының теледидарын ұрлап кетті

Шиелі аудандық сотында жуырда ұрлыққа қатысты қылмыстық іс қаралды. Бұл жөнінде аудандық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Қылмыстық істің құжаттарымен анықталғаны сотталушы Д. Шиелі ауданы, Бидайкөл ауылындағы тұратын танысы О.-ның үйіне келеді. Сол үйдің балалар жататын бөлмесінің сыртқы пластиктен жасалған терезесін сол жерден тауып алған темірмен ашып, үй ішіне заңсыз кіреді. Үйдің жатын бөлмесінде тұрған бағасы 100 мың теңге тұратын «LG» үлгісіндегі телевизорын жасырын ұрлап алып кеткен.
Сотта сотталушы өзіне тағылған айыпты толық мойындап, істеген әрекетіне шын жүректен өкінетінін білдірді. Қазіргі уақытта жәбірленушімен татуласып бітімге келгенін көрсетті.
Соттың қаулысымен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен айыпталған сотталушы жәбірленушімен татуласуына байланысты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс өндірістен қысқартылды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: