Қандай орта болмасын өмірге шағымы таусылмайтын, тек айналадан негатив қана көретін адам кездеседі. Бұл жөнінде Мassaget.kz жазды.
Ондай адам әріптесіңіз, отбасыңыздың мүшесі не бірге оқитын серігіңіз болуы мүмкін. Онымен байланысты толықтай жоя алмайтын жағдай да кездеседі. Бірақ, барынша байланысты азайтуға болады. Ол үшін үлкен жанжалдың қажеті жоқ. Тек мына сөйлесу тәсілдерін қолдансаңыз жеткілікті.
Шектеу қойыңыз: Қасыңызға келіп, билікке не әлемдік экономикаға шағымын бастаса, бірден "қане, тезірек, қазір жұмысым бар" деп әңгімені ұзаққа созбаңыз. Ал, сұрақтарға жауап бермеу үшін жай ғана "бұл ұзақ әңгіме, келесі жолы айтайын" деп жауап қатсаңыз болады.
Кеңес беріңіз: әдетте шағымданатын адам кеңес емес, сізден өзімен бірге шағымданғанын не теріске шығарғаныңызды қалайды. Егер кеңес берсеңіз, бірте-бірте өзі де сізге шағымдануды азайтады немесе араласуды қояды.
Өзіңіз туралы ақпаратты азайтыңыз: Барлығына негативті қарайтын адамға өзіңіздың жоспарыңыз, мақсатыңыз не мәселеңізді айтпаңыз. Барлық сұраққа қысқаша жауап беріңіз.
Оның әдісін өзіне қолданыңыз: Шағымын бастаған кезде, бірден "қайта сенің жолың болғыш екен, менің мына танысым да…" деп басқа әңгіме қозғаңыз. Әдетте ондай адамдар мәселе тек оның басында ғана бар деп біледі. Өзгенің мәселесін тыңдауға олардың уақыты да, қалауы да жоқ.