Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАҚЫЛДАРЫ ӘРТАРАПТАНДЫРЫЛЫП ЖАТЫР

 

Қызылорда облысы ауылшаруашылығын әртараптандыру ісін қолға алды. Бұл жөнінде облыс әкімдігі баспасөз қызметі мәлім етті.
Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Бақыт Жахановтың айтуы бойынша, күріш алқабы азайтылып, шаруалар инновациялық суару технологиясын қолданысқа енгізіп, егіске ерекше күтіммен қарауда. Сондай-ақ, жем-шөп және басқа да ауылшаруашылығы дақылдарының аумағы ұлғайтылуда. 
- Ағымдағы жылы шаруалар 781 гектар жерге жоңышқа екті. Мұнымен қоса, бидай – 3359, сұлы – 148, картоп – 560, көкөніс – 170, бақша өнімдері 667 гектар жерге егілді. Егістік көлемінің 99,7 пайызына жоғары сұрыпты астық тұқымы егілді,- деді Б.Жақанов. 
Бүгінде егін жинау науқаны аяқталып, келесі жылға жоғары сұрыптағы 19040 тонна астық тұқымы жинақталды. Астық тұқымын жинау жұмысы жалғасуда.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: