Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылорда жыл соңына дейін таза ауыз сумен қамтылады

Қызылорда жыл соңына дейін таза ауыз сумен қамтыладыҚызылжарма жерасты су кеніші қаланы таза ауызсумен қамтамасыз етеді. Бұл туралы облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қаланың бірқатар нысандарын аралау барысында айтты. 
Аймақ басшысы алдымен 2,5 шақырымға созылған Қорқыт ата көшесіндегі қайта жаңғыртудан өтіп жатқан жылу құбырының жұмысымен таныс болды. Жалпы құны 382 млн теңгені құрайтын жұмысты «Механизатор» ЖШС атқаруда. Жаңғырту жұмысы осыдан он жыл бұрын жүргізілген. Мердігер мекеме аталған жұмыстың сапалы атқарылып жатқандығын алға тарта отырып, жиырма жылға кепілдік беруде. Жұмыс жылу маусымына дейін толық аяқталады деп күтілуде.
Жалпы аталған бағдарлама бойынша жылу құбырларын жаңғыртуға 3 млрд 32 млн теңге қаралса, ауызсу жүйесін жаңғырту бойынша 3,617 млн теңге бөлінген. Ауызсуға бөлінген қаржыға жыл көлемінде 22 шақырым жаңадан су жүйесін тарту көзделсе, 22 жаңа скважина орнату жоспарлануда және бес су тоғанын салу белгіленген. Осы жұмыстар атқарылса, мамандар қаланы жүз пайызға таза ауыз сумен қамтамасыз етуге болатындығын айтады. Айта кетейік, бұл жұмыстардың барлығы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында атқарылып жатыр. 
- Жыл аяғына дейін 57 су ұңғымасы іске қосылады деп күтілуде. «Мелиоратор» компаниясы біздің тапсырмамызбен осы жұмысты орындауда. Қызылжарма жерасты су қоймасы сапалы, таза су. Қызылорда қаласы суды осы Қызылжармадан алатын болады. Солтүстік аудандар да, сондай-ақ Жаңақорған, Қармақшы аудандары да жерасты суын пайдаланады. Сонда біздің облыс түгелдей жерасты суын қолдануға көшеді деген сөз. Сондықтан үлкен әлеуметтік мәселе өз шешімін тапқалы тұр деп айта аламыз,- деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
Сонымен бірге облыс әкімі №187 орта мектепте болып, білім ордасының алдына Мұстафа Шоқай ескерткішін орнату жобасымен танысты. 
Мұнан соң қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқан С.Торайғыров көшесінің жағдайымен таныс болды. Жалпы құны 1,142 млн теңгені құрайтын жұмысты «УАД» ЖШС атқаруда. Бүгінде жұмыстың 70 пайызы орындалған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: