Қазалы ауданында Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын болып өтті.
Аудан әкімі Нажмадин Шамұратов қазалылықтарды айтулы мерекемен құттықтады. Тұғырлы тәуелсіздігіміздің тарихына тоқталған аудан басшысы жыл көлемінде атқарылған жұмыстарды қорытындылап, жеткен жетістіктерімізді атап өтті: «Биылғы жылы Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығын атап өту біздің татулығымыздың көрінісін айғақтап берсе, Ата заңның 20 жылдығын тойлау, ол біздің құқықтық тұрақтылығымыздың кепілін көрсетті. Ал Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту, ол еліміздегі бірліктің көрінісі. Бұл әрине, қазақ елінің халықаралық деңгейдегі рөлін нығайта түсетіні анық».
Салтанатты жиын барысында бірқатар сала үздіктері мен белсенді азаматтар жоғары марапаттарға ие болды. Мереке аудандық өнерпаздардың мерекелік ән-шашуымен жалғасты.