Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ӘБІЛҚАЙЫР СЫЗДЫҚОВТЫҢ ӘУЛЕТІ ОБЛЫС НАМЫСЫН ҚОРҒАЙДЫ

ӘБІЛҚАЙЫР СЫЗДЫҚОВТЫҢ ӘУЛЕТІ ОБЛЫС НАМЫСЫН ҚОРҒАЙДЫ

 

Республикалық «Мерейлі отбасы» байқауында биыл Сыр өңірінен Жаңақорған ауданында тұратын Сыздықовтар әулеті облыс намысын қорғайды. Бұл шаңырақты он төрт баланы дүниеге әкеліп, оларды тәрбиелеп өсірген бақытты отбасы ретінде ел таниды.
Жайқалған жасыл ағаштай жапырағын кеңге жайған әулеттің бәйтерегі Әбілпатта Сыздықов ағамыз бүгінде сексен жастың сеңгірінен асты. 1935 жылы дүниеге келген ағамыз өзінің өмір жолында 17 жасынан бастап еңбекке араласып, аудандағы санаторияның әскери госпиталында, теміржолда жұмысшы, аудан орталығындағы №3 мектеп интернатында ағаш ұстасы, Сырдария өзеніндегі қалқымалы көпірінде жұмысшы ретінде еңбек еткен. Зейнеткерлікке шыққанан кейін де су мұрабы болып, егін шаруашылығымен айналысқан. Тары, жоңышқа, бақша өнімдерін егіп,  мол өнімге негіз қалаған. 
Ол кісінің жары Асма Әбдірейімова 10 ұл, 4 қызды дүниеге алып келген. Бұл кісілердің баласы Әбілқайыр Сыздықов республикалық айтыстарда көпшіліктің ризашылығына бөленген айтыскер екені белгілі. Бүгінде Сыздықовтар әулетінде 46 немере, 21 шөбере шаңырақты шаттыққа бөлеп келеді.  

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: