Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада теміржол вокзалы ұжымының 83%-і екпе алды

Күн сайын таралу аймағы кеңейіп жатқан коронавируспен күресте қызылордалық теміржолшылар да белсенділік танытуда. Бүгінде темір жол вокзалы шаруашылығы жұмысшыларының 83% екпе алып үлгерген. 
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «ҚТЖ"ҰК» АҚ Қызылорда магистральдық бөлімшесі филиалы директорының вокзал шаруашылығы бойынша орынбасары Жандарбек Өтегенов мәлімдеді.
Бүгінде аймақтың бас темір жол вокзалында жұмыс істейтін 198 қызметкердің 165-і екпе салдырған. Вокзал  ғимаратында коронавирустық инфекциясының алдын алу мақсатында дезинфекциялау жұмыстары тұрақты жүргізіліп, 2 дана тепловизор қойылған. Вокзал аумағы темір қоршаулармен қоршалып, поезден түскен жолаушылар тек бір ғимарат арқылы, дене қызуы өлшеніп барып өткізіледі. 
Айта кетейік, ағымдағы жылы аймағымызда темір жол көлігі арқылы 600 мыңға жуық жолаушы тасымалданған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: