Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ «ТАЗА АЙМАҚ» ШАРАСЫН ӨТКІЗДІ

ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ «ТАЗА АЙМАҚ» ШАРАСЫН ӨТКІЗДІЖергілікті полиция қызметінің ұйымдастыруымен  қаңтар айының  18-20 аралығында  облыс  көлемінде «Таза аймақ» жедел-профилактикалық  іс-шарасы  өткізілуде. 
Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел  профилактикалық  іс-шараға  Жергілікті полиция қызметінің 597 қызметкері  жұмылдырылып, іс-шараның 1 күнінде  облыс  бойынша 403 құқық бұзушылық анықталды. 
Мәселен, Шиелі  кенті, А.Байтұрсынов көшесінің  бойында орналасқан Қазынашылық бөлімінің алдында темекі шегіп тұрған 28 жасар қала тұрғыны ұсталды. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық  бұзушылық  туралы  кодексінің  441-бабына  сәйкес, жекелеген қоғамдық орындарда темекі бұйымдарын тұтынуға тыйым салуды бұзу дерегі бойынша хаттама  толтырылып,  жалпы  сомасы  6363  теңге  көлемінде айыппұл  салынды. 
Дәл осындай дерек қала орталығында да орын алған. «КамАЗ» маркалы автокөлігімен көмір сатып, белгіленбеген орында сауда жасап жүрген 22 жасар қала тұрғыны ұсталды. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық  бұзушылық  туралы Кодексінің 204-бабына сәйкес хаттама толтырылып, ескерту жасалды.
Сонымен қатар, түнгі  сағат  23:00-ден  таңғы  сағат  06:00-ге  дейін  жеке тұрғындардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіру  жауапкершілігі заңмен белгіленген. Алайда, 26 жасар Қызылорда қаласы, Титов қыстағының тұрғыны түнгі уақытта шу шығарып, көшенің  бойында тұратын басқа азаматтардың түнгі тыныштығын бұзғаны анықталды.  Оған қатысты ҚР Әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  Кодексінің  437-бабына  сай хаттама толтырылып, 10605 теңге көлемінде айыппұл салынды
Қызылордалық полицейлердің қоғамдық  орындар  мен  көшелерде  қоғамдық тәртіптің сақталуын, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстары әрі қарай осы бағытта жалғасатын болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: