Қазалы ауданына қарасты тұрғыны Рсалиев Ерқосай түйе шаруашылығын дамытады.
Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Қызылорда филиалынан «Мал шаруашылығын дамыту» бағдарламасы аясында түйе басын көбейту мақсатында несиеге қол жеткізіп, несие қаражатына 36 (отыз алты) айдан 72 (жетпіс екі) айға дейінгі саны 28 аналық түйе сатып алды.
Кәсіпкердің мақсаты түйе санын арттырып, қымыранын халыққа жеткізіп, ауданның мал шаруашылығына өзінің үлесін қосу. Несие мерзімі 120 ай. Жылдық сыйақысы 16%, оның 10% Мемлекет тарапынан субсидияланады.