«Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Латынға көшу - Ұлт мұратына ұйысу» тақырыбында«Айқын» БПҰ партия мүшелерімен кездесуі өтті. Жиынға қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахманов, «Торғай Петролеум»БПҰ төрағасы және «Айқын» БПҰ қарасты №4 мектеп, болашақ медициналық колледжі, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының белсенді партия мүшелері қатысты.
Шара барысында «Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахманов Жолдау жүктеген міндеттерді жүзеге асыруда Партия жұмысын жаңғыртудың маңыздылығына тоқталып, латын әліпбиіне көшу- Елбасының көтерген «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкестенген түбегейлі бетбұрыс болып саналадыдеп тоқталып өтті.
Жиын барысында «Торғай Петролеум» БПҰ төрағасы Тұрар Сыздықов сөз алып,- Латын әліпбиіне көшу – Мәңгілік Елдің рухани жаңғыруының басы. Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпараттың тіліне айналдырады.
Латынның бізге берері дегенде толып жатқан тиімді тұстарын көрсетуге болады. Латынға көшкенімізде ұтатын тұстарымыз:
Біріншіден, тіл тазалығы мәселесі. Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз.
Екіншіден, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны белгілі. Ол мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді. Уақыт та, қаржы да үнемделеді.
Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жолдар ашылады.
Төртіншіден, түбі бір түркі дүниесі, негізінен, латынды қолданады. Біздерге олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуіміз керек.
Бесіншіден, саясаткерлер мен ғалымдарымыздың осы қаріпті қолдану арқылы әлемдегі ең дамыған өркениетті елдермен тереземізді теңестіре аламыз деген пікіріне құлақ асып, оның тиімді тұстарын дәлелдеудегі көзқарастарын қолдауымыз қажет.
Жалпы жаңа әліпби қазақ тілінің жаңарып қайта түлеуіне тың серпін береді. Қазақ тілінің өзіндік табиғатына сай дамуын қалпына келтіреді деген сеніммен қарап, осы бағыттағы жұмыстарға атсалысып, қолдау білдіргеніміз дұрыс.
Жиын соңында партия мүшелері латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы жайында өз ойларымен, пікірлерімен бөлісті.