Қызылорда облысында ауа райының қолайсыздығынан «Самара-Шымкент» тас жолының бірқатар бөлігінде көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Облыстың Арал ауданымен шектесетін Ақтөбе облысының ауа-райы нашарлаған. Қатты аяз болып тұр.
«Осыған байланысты 9 қаңтарда елорда уақытымен 20:00-ден бастап республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 1240-1343 шақырым аралығына дизельді және қоғамдық көліктер үшін қозғалыс шектелді. Ол Ақтөбе облысының шекарасынан Арал ауданының орталығына дейінгі аралықты қамтиды», - делінген облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.