Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АРАЛДА ВЕТЕРИНАРИЯ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

АРАЛДА ВЕТЕРИНАРИЯ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫАрал ауданы әкімдігінің мәжіліс залында ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жүргізілуі талқыланды. Бұл жөнінде аудан әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Жиынға қатысқан ветеринариялық пунктердің меңгерушілеріне стандарт пен регламентке сай қызмет көрсетудің тәртібі баяндалды. Сонымен бірге, үстіміздегі жылдың маусым айында аудан әкім аппаратының ақпараттық технологияларды дамыту және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімі арқылы араланған жұмыстардың нәтижесі аталып өтті.
Маусым айында аралау кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге байланысты ветеринариялық пунктердің меңгерушілерінен алынған тест нәтижесі 36 пайызды құрап отыр.
Жиын барысында сөз алған Арал аудандық шаруашылық жүргізу құқығындағы ветеринариялық станциясы коммуналды мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары Т.Жалымбетов ветеринариялық пунктердің қазіргі жәй-күйі туралы және пунктерге қатысты кейбір түйткілді мәселелердің шешімін таппай отырғандығын жеткізді. 
Мәжіліс қорытындысымен аудандық ветеринария бөлімінің басшысына және аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлім басшыларына ветеринариялық сала бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын оңтайландыру мақсатында тапсырмалар жүктелді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: