Облыста жылудың бағасы республикада 9 өңірден төмен. Ал электр энергиясының бағасы 5 аймақтан арзан. Жалпы коммуналдық қызмет тарифтері басқа өңірлермен салыстырғанда орташа деңгейде сақталуда.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жоламанов мәлімдеді.
Аймақта электр энергиясымен жабдықтаушы үш мекеме айналысады. Барлығы да қаңтар айынан бастап бағаны арзандатты. Мәселен, тұрғындар үшін «Дәулетэнерго» ЖШС 1,9 пайызға, «Шиелі жарығы» ЖШС 3 пайызға, «Энергосервис» ЕЖШС 2,2 пайызға төмендетті.