Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада 17 жастағы жасөспірім қыз төрт күннен бері табылмай жатыр

Қызылордада 17 жастағы жасөспірім қыз төрт күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Полицияға 7 шілдеде азанғы сағат 9.00 шамасында Қызылорда қаласы Амангелді көшесінің тұрғыны Азалия Мингатаеваның жоғалғандығы туралы арыз түсті. Ол 2004 жылдың 4 мамырында дүниеге келген.
«Ата-анасының айтуынша, 17 жастағы жасөспірім 6 шілдеде күндізгі уақытта үйінен шығып кетіп, содан қайта оралмаған. Ерекше белгілері: Бойы 160-165 см, арық денелі, шашы қара түсті. Киген киімдері: қызыл түсті футболка мен белдемше, ақ кросовка. Жоғалған жасөспірім туралы қандай да бір ақпарат анықталған жағдайда Қызылорда облысы Полиция департаментіне, Қызылорда қалалық Полиция басқармасына шұғыл түрде хабарласуларыңызды сұраймыз. Байланыс нөмірлері: 8(7242) 29-70-10, 29-75-20, 29-75-07 және 102 арнасы», - деп жазылған облыстық полиция департаменті таратқан хабарламада.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада 8 ай бұрын жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: