Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Көлік соқтығысуына кінәлі 700 мың теңге төлемек

Көлік соқтығысуына кінәлі 700 мың теңге төлемекБайқоңыр қалалық сотында талап қоюшы Н.-ның жауапкер Д.-дан жол көлік оқиғасына байланысты барлығы 707 538 тенге материалдық шығынмен моральдық шығынды және сот шығындарын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.
Талап арыз бойынша жауапкер Д. 01.05.2014 жылы Байқоңыр қаласында өз автокөлігін басқаруымен автокөліктің соқтығысуына жол берген. Сот қаулысымен Д. көлік басқару құралынан айыру туралы әкімшілік жаза қолданылған. Сот медициналық актісі бойынша талап қоюшының денсаулығына орта дәрежелі зиян келген.
Сот талқылауының барысында тараптар өзара бітімгершілікке келді. Нәтижесінде жауапкер алты айдың ішінде, яғни, 2015 жылдың 19 маусымына дейін 707 538 теңгені төлеп талап қоюшыдан құтылатын болады.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: