Жаһандық геосаяси белгісіздік жағдайында инвесторлар үшін тұрақтылық, болжамдылық және сенімді құқықтық орта ерекше маңызды.
Қазақстанның жаңа конституциялық нормалары ұзақ мерзімді бизнес-стратегияларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыруға бағытталған. Маңызды жаңашылдықтың бірі – қаржы саласында арнайы құқықтық режим енгізу және жедел даму қалаларын құру мүмкіндігінің қарастырылуы. Бұл инвестиция тартуға және өңірлердің дамуын жеделдетуге қосымша мүмкіндік береді.
Берік құқықтық негіз – тұрақты экономикалық өсудің және халықаралық серіктестердің сенімін қамтамасыз ететін негізгі факторлардың бірі.