"Алтын күз" мерекесіне орай Жалағаш ауданы орталығында 2015 жылғы 17-18 қазан күндері бірқатар мерекелік шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.
17 қазан күні аудан орталығында ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, оған кент және ауылдық округтерден ауылшаруашылығы құрылымдары мен кәсіпкерлер өз өнімдерін базар бағасынан 15-20 пайызға төмен бағамен ұсынды. Сонымен қатар орталық алаңда түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылып, жеңімпаздар мен қатысушалыр қаржылай және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Мерекенің екінші күні аудандық мәдениет үйінде жалғасын тапты. Аудандық мәдениет үйі фойесінде арнайы көрме ұйымдастырылып, салтанатты жиын өткізілді. Жиын барысында аудан әкімі Т.Дүйсебаев барша еңбеккерлер мен диқандар қауымын айтулы мерекемен құттықтап, еңбектеріне жеміс тіледі.
Сонымен қатар ауылшаруашылығы жылы қортындысымен үздік деп танылған шаруашылық басшылары мен еңбек озаттарына аудан әкімінің "Алғыс хаты" және бағалы сыйлықтар табыс етілді. Мерекелік шаралар аудандық мәдениет үйі көркемөнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.