Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Сырдарияда Алмагүл Божанованың қоғамдық музейі және жеке кітапханасы ашылды

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мемлекет және қоғам қайраткері, Сырдария ауданының Құрметті Азаматы Алмагүл Божанованың 75 жылдық мерейтойы қарсаңында қоғамдық музейдің және жеке кітапхананың ашылу салтанаты өтті.


Аталған іс-шараға аудан әкімі Мұрат Ергешбаев арнайы қатысып, мемлекеттік сала ардагері Алмагүл Божанқызын мерейлі мерейтойымен құттықтады. 
– Мемлекеттік қызмет саласында абыройлы еңбек еткен Алмагүл Божанқызының өнегелі өмірі ел есінде сақталатыны - оның өлшеусіз еңбегінде деп айтуға толық негіз бар. Ол кісі еңбек жолындағы бірге қызмет атқарған замандастарын, Сыр елінің белгілі тұлғалары, қо¬ғамдық-саяси ахуал, жалпы өмір туралы толғаныстарын қағаз бетіне түсіріп, осы кезге дейін бірнеше кітап жазды. «Ердің бағын жандырған Ер Балдырған», «Сыр елім - Жерұйығым», «Сенім жүгі», «Аңыз, абыз адам», «Құдірет пен қасиет», «Көпір», «Сырым мен шыным», «Ғасыр үні», «Ел ардақ-тылары» атты кітаптары Сыр өңірі руханиятына қосқан үлесі екені айқын. 
Тарихи таныммен ұрпақтар сабақтастығы дамиды, ұлттық сана қалыптасады. Үлкенге көрсетілген құрмет, келешегіміздің баянды болуына жол ашады. 
Есімі мен өнегелі істері - Сыр елімен бірге жасап келе жатқан – тау тұлғаның тарихқа толы музейі құтты болсын, – деді аудан басшысы өз құттықтауында. 
Алмагүл Божанова – 1992-1999 жылдар аралығында Сырдария ауданын басқарған ең алғашқы әйел әкім. Ол бүгінде «Ұрпақтан-ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің төрайымы қызметін атқаруда. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: