«Мәңгілік алау» аллеясында «Туған қалаңа ағаш сыйла» экологиялық акциясы өткізілді. Оны облыстық ішкі сяасат басқармасы және «Қызылорда облысының жастар Одақтары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырды.
Акцияға техникалық кәсіптік білім беретін оқу орындарының студенттері, «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының сарбаздары және қаламыздың белсенді жастары, туған қаламыздың көркейіп көгалдануына өзіндік үлестерін қосты. Жалпы акция барысында 100 ге жуық белсенді жастарымыз, 200 ден астам көшет ағаштарын отырғызды.