Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді

Жалағаш ауданында 2020 жылдың 9 желтоқсанында "Зайырлы мемлекет. Діни қарым қатынас" тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді. 
Шара Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы негізінде "Ұшқыр жебе" қоғамдық қорының жүзеге асыруындағы «Аудан көлемінде діни экстремизмінің алдын алу бағытындағы шаралар» әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырылды. Конференцияда облысымызға белгілі теолог, дінтану магистрі Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Phd докторанты Бақтияр Оспанов "Салт-дәстүрдің дінмен сабақтастығы" тақырыбында және дін саласындағы РАТТ мүшесі Қожахмет Кеңесбеков "Деструктивті діни ағымдардың қоғамға қатері" тақырыбында баяндама жасады.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: