Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША СПОРТШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША СПОРТШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫЖыл қорытындысы бойынша жылдың үздік спортшылары, үздік жаттықтырушылар, спорттық-бұқаралық жұмыстарды жолға қоюда жақсы жұмысымен танылған қалалық, аудандық  дене шынықтыру және спорт бөлімдері мен спорт мектептері облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының дипломдарымен марапатталды. 
Ауыр атлетикадан  Олимпиада ойындарының қола жүлдегері – Александр Зайчиков,  еркін күрестен Олимпиада ойындарының қатысушысы – Ғалымжан Өсербаев, мәнерлеп сырғанаудан қысқы жасөспірімдер Олимпиада ойындарының қола жүлдегері – Элизабет Тұрсынбаева,  байдарка мен каноэде есуден Әлем кубогының күміс жүлдегері Мерей Медетов «Жылдың үздік спортшылары» атанды.
«Жылдың үздік жаттықтырушысы» деген мәртебелі атаққа ауыр атлетикадан ҚР еңбек сіңірген  жаттықтырушысы Арман Абдраев, байдарка мен каноэде есуден облыстың аға жаттықтырушысы Мухитдин Миербеков  және еркін күрестен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, облыстың аға жаттықтырушысы Әбутәліп Аманов  лайық деп танылды. 
Сондай-ақ, жыл қорытындысы бойынша спорттық-бұқаралық жұмыстарды жолға қоюда жақсы жұмысымен танылған аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімдері мен спорт мектептері марапатталды. Атап айтсақ, Қызылорда қаласы бірінші орынды жеңіп алса, Жаңақорған - екінші, Сырдария - үшінші орындарды иеленді. 
Спорт мектептер арасында №1 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі бірінші орынды, №2 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі екінші орынды, №15  Қармақшы ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі үшінші орынды еншіледі. 



Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: