Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ТЕМІРЖОЛ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

ТЕМІРЖОЛ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫРеспубликаның көлік кешеніндегі маңызды қатынас құралы әрі көлік инфрақұрылымындағы басты буын саналатын теміржол саласының ел экономикасында алатын орны ерекше екені даусыз.
Ал, осындай маңызды салада уақытпен санаспай, күн демей, түн демей еңбек еткен, біліктілік пен шеберлікті ұштастыра отырып, өз жұмыстарын адал атқарған теміржолшылардың орны бір төбе.
Бүгін ел экономикасын дамытуда елеулі еңбек етіп, теміржол саласын өркендету ісіне қосқан үлестері үшін бір топ теміржол қызметкерлері аудан әкімінің арнайы қабылдауында болып, Арал ауданының «Құрмет грамотасымен», аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. 
Аудан басшысы өзінің құттықтау сөзінде «Бүгінде теміржол саласының әрбір мемлекеттің даму жолында алатын орны ерекше деп айтуға болады. Сіздердің осындай маңызды салада уақытпен санаспай, теміржол магистралінің қауіпсіз әрі барынша тиімді жұмысын қамтамасыз ету барысындағы еңбектеріңіздің, өз жұмыстарыңызға деген адалдықтарыңыз бен кәсіби біліктіліктеріңіз, шеберліктеріңіздің нәтижесінде ауданымыздың көлік саласы ырғақты және үзіліссіз жұмыс істеуде», - деп, осы салада ерінбей еңбек етіп, елеулі үлес қосып жүрген жандарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, оларға зор денсаулық, отбасыларына амандық тіледі. Ал, Арал теңізі станса бастығының орынбасары Толыбай Әкиұлы арнайы ұйымдастырылған бұл қабылдауға ризашылығын білдірді.
Мерекелік бас қосуға аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат хатшысы, мекеме басшылары, теміржолшылар және БАҚ өкілдері қатысты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: