Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АРАЛДА ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ТАРАЗЫЛАНДЫ

АРАЛДА ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ТАРАЗЫЛАНДЫБүгін Арал ауданы әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен ветеринария саласының 1 жылдық атқарған жұмыстарын сарапқа салған мәжіліс отырысы өтті.
Алдымен аталмыш салада ұзақ жылдар қажырлы еңбек етіп, бүгінде зейнет жасына жетіп отырған Бақыт Бисеновты құрметтеп, шапан жауып алғыс хат табыс етілді. Ал мәжіліс жиынының күн тәртібіне мынадай мәселелер қойылды: 2015 жылы аса қауіпті аурулардың алдын алу жоспарына сәйкес егу және диагностика жұмыстары туралы, аудан көлемінде 2015 жылғы энзотиялық ауруларға қарсы іс-шараларының орындалуы туралы және Бекбауыл мен Жетес би елді мекендеріндегі ветеринариялық іс-шаралардың 2015 жылғы орындалуы төңірегінде баяндамалар тыңдалып жыл қортындыланды. Жиын барысында келер жылы атқарылар жұмыстар жоспарланды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: