Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР МАРШРУТЫ УАҚЫТША ӨЗГЕРЕДІ


Құрметті Қызылорда қаласы тұрғындары мен қонақтары!
Ағымдағы жылдың 6 сәуірден бастап Тоқмағанбетов көшесі және Өсербаев көшесіне жол қазба жұмыстары жүруіне байланысты, осы аталған көшелермен қатынайтын қоғамдық көліктер Әйтеке би мен Қорқыт Ата көшелерімен жүретіндігін хабарлайды.
Атап айтқанда, №4,5,6,7,20,23 қоғамдық көліктері Тоқмағанбетов көшесі арқылы Әуезов көшесіне оңға бұрылып, Әйтеке би көшесіне түсіп, Желтоқсан көшесімен жүріп, әрі қарай өз бағыттарымен жүреді.
№3,11,14,17,19 қоғамдық көліктері Қазыбек би көшесімен Қорқыт Ата көшесі арқылы жүріп, әрі қарай өз бағыттарымен жүреді.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!

Қызылорда қаласы әкімдігі
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: