Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Масаң күйдегі бозбалаға айыппұл салынды

Масаң күйдегі бозбалаға айыппұл салындыАғымдағы жылдың 28-30 қыркүйек күндері аралығында облыс көлемінде Қызылорда ОІІД-і әкімдіктер, мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерін қатыстыра отырып, «Тәртіпсіздік пен  құқық  бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік» атты кең  көлемді  акция  өткізуде.    
Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша,бБұл іс-шараның мақсаты - қоғамда  тәртіпсіздік пен ұсақ құқық бұзушылықтарға «Мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру, азаматтардың құқықтық танымы мен құқықтық мәдениетін көтеру болып табылады.
Іс-шараның 1 күнінде тәртіп сақшыларымен  535 құқық бұзушылық   анықталды. Мысалы, Жаңақорған ауданы, Шалқия кентінің 18 жасар  тұрғынына қоғамдық орындарға масаң күйде келгені үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің  440-бабына сәйкес 9910 теңге көлемінде айыппұл салынды.   
Ал, осы ауданның 1977 ж.т. тұрғыны көше бойында шемішке қалдығын  тастап ластағаны үшін  Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабына сәйкес, яғни ұсақ бұзақылық жасағаны үшін оған қатысты хаттама толтырылып, сотқа жолданды. 
Облыс орталығының тұрғыны 1982 ж.т. К.Б.-ге де қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін, яғни темекі шегіп, қалдығын лақтырғаны үшін хаттама толтырылып, сотқа жолданды.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: