Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Лагерь жолдамасына жеңілдік жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялап, билік тарапынан денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында балаларды қорғау мақсатында нақты іс-шаралар жасалуы керектігін айтқан болатын. 
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалы мен Кәсіподақ ұйымы бірлесе Президент тапсырмасына сәйкес балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға атсалысты. Филиал қызметкерлерінің балалары Жаңақорған ауданындағы «Талдысу» тынығу лагерлерінде демалуы үшін жолдаманың 50 пайыз ақысын төлеп берді. Бүгінде 25 бала Талдысуда тынығып, жазғы уақыттарын қызықты өткізуде.
Алдағы уақытта ата-аналардан сұраныс болған жағдайда филиал мен Кәсіподақ ұйымы Қамбаш көлі жағасындағы «Шағала» лагерінің жолдамасына да жеңілдік жасамақ. 


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: