Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫН ЖАСАҒАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҚҰРЫҚТАЛДЫ

ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫН ЖАСАҒАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҚҰРЫҚТАЛДЫПолиция қызметкерлерінің орын алған пәтер ұрлықтары қылмыстарының бетін ашу, кінәлі азаматтарды қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында Қызылорда ОІІД қызметкерлері 6 мәрте пәтер ұрлығы қылмысын жасап, қала тұрғындарына ірі көлемдегі шығын келтірген 2 адамнан тұратын қылмыстық топты құрықтады.
Ұсталған қылмыстық топ мүшелерінің, яғни 1990 жылы туылған және 1995 жылы туылған азаматтардың қылмыстық іс-әрекеттері толығымен дәлелденіп, айғақ заттары алынды. Тергеу жұмыстары барысында, олардың қатысуымен төмендегідей қылмыстар орын алғандығы белгілі болды.
Атап айтқанда, жоғарыда аталған азаматтар 2015 жылдың 10 шілдесінде сағат 08.30-15.00 уақыт аралығында Қызылорда қаласы тұрғынының үй-жайына екінші қабатта орналасқан бөлменің терезесі арқылы кіріп, жатын бөлмеде тұрған изумруд тастары бар 1 бриллиант алқасын, 1 дана меруерт бриллианттарын, гауһар тастары бар 1 білезігін, бриллиант тастары бар 1 комплект бұйымдарын, 2 алтын алқаларын, 1 дана сапфир тастары бар бриллиант алқаларын ұрлап кеткен. Шығынның жалпы сомасы 3 959 300 теңгені құрап отыр.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 23 қазанында Қызылорда қаласының тұрғыны таңертеңгі уақыт шамасында белгісіз біреудің үйіне заңсыз кіріп, жатын бөлмесіндегі шкаф ішінен 1 600 000 теңге ақшасын ұрлап кеткендігі жөнінде арызданған. 
Дәл осындай дерек 2015 жылдың 30 қазанында сағат 10.00-13.00 шамасында орын алған. Қызылорда қаласының тұрғыны, зейнеткер белгісіз біреулердің ешкімнің жоқтығын пайдаланып отырып, үйдің терезесі арқылы кіріп, шкаф ішінде тұрған алтын бұйымдарын, 2 алтын сақинасын, алтын сағатын, алтын алқасын, алтын неке жүзігін ұрлап кеткендігі жөнінде арызданған болатын. Шығынның жалпы сомасы 160 000 теңгені құрап отыр. 
2015 жылдың 02 наурызында облыс орталығының тұрғыны түскі сағат 14.00-16.30 аралығында белгісіз біреу үйіне ас бөлмесінің терезесі арқылы кіріп, жатын бөлмесіндегі шкафтан 99 000 теңге ақшасын, 76 000 теңге тұратын алтын білезігін, 25 000 теңге тұратын алтын сырғасын, 50 000 теңге тұратын алтын сырғасын, 16 000 теңге тұратын «Самсунг» маркалы планшетін ұрлап кетіп, 266 000 теңге көлемінде шығын келтіргендігі жөнінде арызданған болатын. 
2015 жылдың 19 қыркүйекте ПМК-70 мөлтек ауданының тұрғыны таңғы сағат 07.30-11.30 аралығында белгісіз біреулер үйінің есік құлпын бұзып кіріп, жатын бөлмесіндегі сандықшадан 115 000 теңге ақшасы мен құны 30 000 теңге тұратын алтын сақинасын, 25 000 теңге тұратын күміс комплектісін ұрлап кетіп, жалпы сомасы 170 000 теңге тұратын залал келтіргендігі жөнінде арызданған болатын. 
Дәл осындай дерек 2015 жылдың 28 қарашасы, сағат 07.30-14.30 шамасында орын алған. Тұмар өткел көшесінің тұрғыны белгісіз біреулердің үйінің терезесі арқылы кіріп, жатын бөлмесіндегі шкаф ішінен 110 000 теңге ақшасы мен алтын бұйымдарын ұрлап кеткендігі жөнінде арызданған. Шығынның жалпы сомасы 300 000 теңгені құрап отыр. 
Орын алған қылмыстар бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 2,3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Екі күдікті азамат та Қызылорда ҚІІБ-нің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, сезіктілердің басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықтау мақсатында тиісті жұмыстар жасалуда.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: