Нұрмахан Берді - Қызылорда облысы Қармақшы ауданына қарасты Ақай ауылының тұрғыны.
Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Қызылорда филиалы арқылы мал басын көбейтуге асыл тұқымды емес 7 бас аналық жылқы малын сатып алды. Жылқы санын арттырып, мал шаруашылығына өз үлесін қоспақ.
Несие мерзімі - 6,5 жыл̆. Жылдық сыйақысы - 6%.
Айта кетейік, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ Қызылорда филиалы кәсіппен айналысамын деген кәсіпкерлерге 5 жылға 6 пайызбен, көп балалы мүшелеріне 4 пайызбен несие береді.