Қармақшы ауданында алданы алу шараларының нәтижесінде аудан көлемінде тіркелген қылмыстар саны төмендеген. Бұл жөнінде Seykhuninfo.kz ақпарат агенттігі жергілікті полиция бөліміне сілтеме жасап хабарлайды.
Өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда қылмыстың жалпы саны 25,6 пайызға төмен түскен. Мәселен, ұрлық, пәтер ұрлығы, қоғамдық орында жасалған қылмыстар, топтасып жасалған қылмыстар азайған. Сондай-ақ, жасөспірімдер арасындағы қылмыстар 75, мас күйінде қылмыс жасау, көшедегі қылмыстар да осындай көрініс беріп отыр.