Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АРАЛ АУДАНЫНДА КӨШЕЛЕР ЖӨНДЕЛУДЕ

АРАЛ АУДАНЫНДА КӨШЕЛЕР ЖӨНДЕЛУДЕ

 

Соңғы жылдары Аралдың инфрақұрылымдық жағдайын жақсартуға байланысты мемлекет тарапынан зор көңіл бөлінуде. Соның айғағы, 2016 жылға аудан бюджетінен Арал қаласының 9 көшесін орташа жөндеу және аудандық маңызы бар автокөлік жолдарын ағымдағы жөндеуге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. 
Атап айтсақ, Қызылорда, Т. Есетов, Әбілхайыр хан көшелерінің автокөлік жолын орташа жөндеуге мердігер мекемелер анықталып, жұмыстары басталды. Ал қалған Мақатаев, Үмбет би, Жетес би, Бақтыбай батыр, Панфилов, Достық көшелерінің автокөлік жолын орташа жөндеу және аудандық маңызы бар «Самара-Шымкент-Жақсықылыш-Тоқабай-Абай», «Арал-Аэропорт-Жалаңаш автокөлік жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп күтілуде.
Сонымен қатар аудандық маңызы бар «Самара-Шымкент-Сексеуіл» (0-3 35-37 км), ««Қамбаш» балаларды сауықтыру және қосымша білім беру орталығы» МКҚК-на кіре беріс» (1,873 км) автокөлік жолдарына облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, алдағы уақытта орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: