Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада 350 үй орталықтандырылған бақылау торабына қосылған

Қызылордада 350 үй орталықтандырылған бақылау торабына қосылғанҚала ішінде қауіпсіздікті сақтауға, қылмыстың алдын алу мақсатында жеке күзет орталықтарының жұмыстары жандандырылды. Нәтижесінде, 2015 жылдың І тоқсанында Қызылорда облысы бойынша 979 үй-жайлар күзетке алынып, 350-і орталықтандырылған бақылау торабына қосылған. Қала аумағында 7 оператор-фирмалар жұмыс істеп, 629 күзетшілермен қамтылған. 
Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінгі таңда облыс бойынша жалпы 979 үй-жайларға тәулік бойы күзету жұмыстары жүргізіліп, тұрғын үйлердің иелерімен тиісті келісімшарттар жасалған. Сондай-ақ, жеке күзет ұйымдары және оператор-фирмалардың басшылары халықтың жағдайын жасау мақсатында пәтерлерді күзету тарифтерін 10 пайызға төмендетіп отыр.               
Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, пәтер ұрлықтарының алдын алу бағытында көп қабатты үйлердің подъездерінің есіктеріне домофондар орнатылып, бұл құрылғының үй-жайларды күзету, тыныштық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы тиімді жақтары түсіндірілуде.
Заңды және жеке тұлғаларға күзет қауіпсіздік қондырғыларының артықшылығы, соңғы үлгідегі шыққан техникалық қондырғылар жөнінде түсіндірме, насихат жұмыстары, сондай-ақ жеке күзет ұйымдары мен оператор фирмалармен өзіндік жарнамалық жұмыстары жайлы бүгінгі күні  үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, осы кезде жалғасын табуда. Күзет агенттігімен пәтерді күзетуге келісімшарт жасауға болады. Бұл тиімдірек. Егер де пәтерде ұрлық болса және қылмыскер ұсталмаса, онда күзет агенттігі келісімшарт негізінде  Сізге келтірілген залалды өңдіріп береді.
Осы ережелерді қатаң сақтап, өз мүлкіңіз бен өміріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз еткен жағдайда ғана үйіңіз нағыз бекініске айналады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: