Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

БҚО әкімі жолда тұрғындардың үрейін ұшырған елеске қатысты пікір білдірді

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте БҚО әкімі Ғани Есқалиевтан қыздың елесі бейнеленген видеоға қатысты пікір білдіруін сұрады. Желіде тараған видео осы өңірде түсірілген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ
Ешқандай мәселе болмауы керек. Себебі күн сайын таңертең біздің құқық қорғау органдарымыз маған тұрғындарды не мазалайтыны және қандай проблема бар екені жайлы ақпарат береді. Егер бұл мәліметтер тізімінде болмаса, онда жалған ақпарат немесе біреу әзілдеген. Менің ойымша, бізде мұндай проблема жоқ", – дейді Есқалиев. 
Аймақ басшысы жағдайды тексеру үшін полиция қызметкерлерін жіберетінін айтты.
 Еске салсақ, бұған дейін WhatsApp мессенджерінде Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданы Ханкөл ауылының маңында сары шашты қыздың елесін көргендерін айтқан тұрғындардың әңгімесі тараған болатын. 
Ханкөл ауылы кіретін Жусандыой ауылдық округының әкімі Талап Қазиев ауыл арасында мұндай қауесет тарағанын жасырмайды. 
Әкімнің сөзінше, мұндай әңгімелер жаз соңында басталған. Дегенмен ауылдағы ақсақалдар құрбандық шалып, құран оқытқан. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: