Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АТЫС ҚАРУЫМЕН ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫС ӨСКЕН

АТЫС ҚАРУЫМЕН ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫС ӨСКЕНҚызылорда облыстық прокуратурасымен облыстық ішкі істер департаментінде көшпелі алқа мәжілісі өткізілді. 
Алқа мәжілісінде  облыстық прокуратурамен ағымдағы жылдың  11-айында атыс қаруымен жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың өсуіне ықпал еткен себептері мен әшкере етілу жағдайына  және сот-тергеу тәжірибесіне жүргізілген талдау қорытындысы қаралды.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2015 жылдың 11-айында қарулармен жасалған қылмыстар өткен жылмен салыстырғанда 35-тен 110-ға өскен, оның ішінде атыс қаруымен жасалған қылмыстар 27-ден 67-ге, яғни 40 қылмысқа артқан.
Бұл қылмыс түрінің артуының бір себебі  ІІД-нің әкімшілік полиция басқармасы табиғатты қорғау полиция саласы облыстағы құзырлы органдармен бірлесіп атқарған жұмыстарының  нәтижесінде,  заңсыз  аңшылық  жасаудың 18-дерегін  анықтаған.  Ал, өткен  жылы  бұл  көрсеткіш  5-деректі  құраған.
Ішкі істер органдарымен 11 ай ішінде заңсыз айналымда жүрген қаруларды анықтау мақсатында 5 рет «Қару» жедел-профилактикалық іс-шаралары жүргізіліп, атқарылған іс-шаралар нәтижесінде заңсыз айналымнан 131 қару тәркіленсе,  ішкі  істер органдарының  тіркеуіндегі  жеке  тұлғалардың азаматтық қаруды  сақтау және тасымалдау қағидаларын бұзғаны  үшін  451  азамат  әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Бұл ретте, травматикалық және газды патронмен жарақат салатын ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруларын жеке тұлғалардан ерікті өтемді түрде сатып алу акциялары негізінде 2014 жылдың 12 айында 772 атыс қарулар мен жарылғыш заттар, оқ-дәрілер алынса (14 262 271 теңге жұмсалған), ағымдағы жылы 381 дана травматикалық тапанша қабылданған (12 268 000 теңге жұмсалған).
Атқарылған іс-шараларға қарамастан атыс қару қолданумен  жасалған ауыр және аса ауыр қылмыстар саны 2 есеге (17-ден 34-ке) өсіп, қаза болғандар саны 2-ден 7-ге жеткен.
Мысалы, 2015 жылдың маусым айында азамат «Ж» азамат «А»-мен ұялы телефон арқылы сөзге келіп қалғандықтан өзінің ішкі істер органында тіркеуде жоқ екі ұңғылы мылтығын алып, «А»-ның үйіне барып, қаңылтыр қоршаудың сыртынан  бір мәрте оқ атқан.
Осының салдарынан оқтың пытыралары азаматша «С» пен оның нәрестесі «Б»-ға тиіп, соңғылар оқиға болған жерде қаза болған.
Жүргізілген тергеп-тексеру нәтижесімен қылмыстық іс сотқа жолданып, сот үкімімен азамат «Ж»  Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігінің 1,6,9-тармақтарымен кінәлі деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айыруға сотты болған. 
Облыстық прокуратурамен профилактикалық жұмыстарды жандандырып, ішкі істер және құзырлы органдардың жұмыстарын үйлестіру мақсатында бірлескен іс-шаралар қабылдау белгіленді.
Бұл тұрғыда, ішкі істер органдарына атыс қаруларының заңсыз айналымына тосқауыл қоюда облыс тұрғындарынан ерікті түрде қару қабылдау акциялары мен тексеру рейдтерін жиі өткізу, атыс қаруына рұқсаты бар және қылмыс жасауға бейім азаматтар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу тапсырылды. Сонымен қатар, орын алған кемшіліктер бойынша прокурорлық ықпал ету актілері енгізіліп, заңдылықты бұзушылықтар жойылды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: