Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Арал балығы Францияға экспорқа шығады

Арал балығы Францияға экспорқа шығадыАрал ауданына жұмыс сапарымен келген Франция елінің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Франсис Этьен аудан әкімі Абзал Мұхимовпен кездесіп, инвестиция тарту жайын, оның ішінде Арал балық түрлерін тереңнен өңдеу жөнінде жан-жақты әңгімелесті. 
Франция елі мен Қазақстан арасында әсіресе, индустриалды салада алыс-беріс көлемі артқан. Кездесуде аудан әкімі мәртебелі мейманға инвестиция тарту бағытындағы ұсыныстарын білдірді. А.Мұхимовтың пікірінше, Арал балық өнімдерін Франция нарығына экспортқа шығарсақ, елдің әлеуетіне тигізер пайдасы зор болады, кәсіпкерлікті де кеңінен дамытуға мүмкіндік ұлғаяды. Басқосуда екі жаққа тиімді шешімдер қабылданды. 
Аудан әкімімен кездесуден соң Ф.Этьен «Атамекен» балық зауытын, «Бөген» балық сақтау цехын аралап, «Көкарал» бөгетін тамашалады. Елші мырза болашақта Арал балық шаруашылығының өңдеуде кәсіпкерлермен бірлескен жобалар саны артатынына сенімін білдірді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: