Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Сұлтан Бейбарысқа қол ұшын созды

Сұлтан Бейбарысқа қол ұшын созды Арал қаласындағы З.Шүкіров атындағы қалалық мәдениет үйінде «Жүректен –жүрекке!» атты мейірімділік акциясы барысында өнерпаз жастардың концерті өтті. Exclusive production-ның ұйымдастыруымен өткен концертке қатысушылар көп болды. Бұл жөнінде аудан әкімдігі баспасөз қызметі мәлім етті.
Аталмыш акциясының басты мақсаты – 20 жастағы Сұлтан Бейбарыс Рысбаевқа көмек қолын созу болатын. Одан бөлек көпшіліктің назарын қоғамның қорғансыз бөлігі - мүмкіндігі шектеулі балалардың мәселелеріне аударып, әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік туғызу. Концерттке бар ықыластарымен дайындалған өнерлі өрендер көрерменнің көңілінен шықты. Өнерпаздар күмбірлете күміс күй тартып, әуелете әсем ән салды. 
Тағдыр теперішіне тап болған қатарластарына көмек қолын созуға ұмтылған жастардың игі істеріне риза болғандар көп. Қолдарынан келгенше жәрдемін аямағандар да жетерлік. Осындай жақсылық жасауға құштар жастар барда болашақтың жарқын болары сөзсіз. Жастардың игі шараға мұрындық болғанына риза болған Сұлтан Бейбарыстың анасы Сара Елеусізова, қаладағы ардагер Тортай Бейсов ыстық лебіздерін білдіріп, алғыстарын айтты.
 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: