Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«Байқоңыр» туристік аймағын құру жобасы қолға алынды 

Облысымызда «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік дәлізінің бойында инвестицияның жалпы сомасы 6 млрд. 361 млн. теңгені құрайтын 30 нысан жұмыс жасауда.
 Онда 737 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Қолданыстағы 30 нысанның 23-і «Google maps» және «Yandex карта» жүйесіне енгізілген. Айта кету қажет, іске қосылған жобалардың барлығы жоба бастамашыларының қаражаты есебінен жүзеге асырылған. Жыл соңына дейін тағы 2 нысанды іске қосу жоспарлануда. 
Бағдарлама аясындағы туристендіру картасына облыстан 3 туристік нысан енгізілді: «Қамыстыбас» демалыс аймағы, «Жаңақорған» шипажайы, «Байқоңыр» ойын-сауық туристік аймағы.  Айта кету керек, «Байқоңыр» ойын-сауық туристік аймағын құру туристендіру картасының ТОП-10 басым нысандар тізіміне, ал «Қамыстыбас» демалыс аймағы мен «Жаңақорған» шипажайы ТОП-50 нысандар тізіміне енгізілді. Қазіргі таңда, «Байқоңыр» ойын-сауық туристік аймағын құру жобасы бойынша біршама жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 
Жоба толығымен жүзеге асқан жағдайда жылына 250 - 500 мың аралығында туристерді тартатын болады деп күтілуде.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: