Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылорда облысында күріш егу 20 сәуірден басталады

Қызылорда облысында биыл 183,1 мың гектарға егіс орналастыру межеленген. Бұл жөнінде облыс әкімінің орынбасары Бақыт Жақанов брифингте мәлім етті.
Қазір ауыл шаруашылығы құрылымдары ерте дақылдарды егу жұмыстарын атқаруда. Егістікке қажетті минералдық тыңайтқыштар мен тұқымдық материалдар толық қамтамасыз етілді. Ауыл шаруашылығы техникалары толықтай дайындалып, егіс егу науқанына қатысуда.
Көктемгі егіс және дала жұмыстарын жүргізуге 14 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінген. Президенттің тапсырмасына сәйкес, көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыруға 170 млрд. теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі күнге дейін 27,2 мың гектар, оның ішінде: жаздық бидай - 3,8 мың, жаздық арпа – 0,6 мың, мақсары – 4,4 мың, жаңа жоңышқа – 18,4 мың гектар егілді. Қазіргі таңда, оңтүстік аудандарда жоңышқа және бидай дақылдары суарылуда. Күріш егу жұмыстары сәуір айының 20-нан кейін басталады деп күтілуде.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: