Қызылордада аймақ басшысы мен кәсіпкерлердің қатысуымен Кәсіпкерлер кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кенесінің төрағасы Асқар Махамбетов экономикалық дағдарыс жағдайында кәсіпкерлерге қолдау көрсету шараларына қатысты бірқатар ұсыныстарын жеткізді. Асқар Махамбетов бүгінде облыстық Кәсіпкерлер палатасында жедел штаб жұмыс жасайтындығын жеткізді. Бүгінгі күнге дейін жедел штаб 300-ден астам кәсіпкерлерді (27 ірі, 182 орташа, 91 шағын) қамтып, проблемаларын зерттеді.
Кәсіпкерлерге қолдау көрсету және саланы жаңа деңгейге көтеру үшін Асқар Махамбетов бірқатар ұсыныстарын жеткізді. Атап айтқанда, аймақтың инвестициялық жобаларының бірыңғай базасын құру, халықаралық қаржы ұйымдарымен жұмысты жандандыру, өңірде мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту және т.б.
Бүгінде Кәсіпкерлер палатасы 20-дан астам қызмет түрлерін көрсетуде. Кейбір қызмет түрлері уәкілетті органдарда кәсіпкерлердің мүдделерін қорғап, жобаларын сүйемелдеуді қажет етеді.
Дегенмен, мүдделі органдар мен қаржы институттары бір орталықта отырмайынша, кәсіпкерлердің бастамасын сапалы әрі жедел сүйемелдеу айтарлықтай қиындықтар тудырады. Осы ретте, Өңірлік кеңес төрағасы мәселені тиімді шешу үшін облыста «Кәсіпкерлер үйін» ашуды ұсынды.
Кеңес қорытындысымен Кәсіпкерлер палатасының «Кәсіпкерлер үйін» және «Бірыңғай жобалар офисін» құру туралы ұсыныс қолдап, сала басшыларына тиісті тапсырмалар жүктеді. 1 маусымнан бастап «Кәсіпкерлер үйінде» Кәсіпкерлер палатасымен бірге негізгі қаржы институттары: «Өңірлік инвестициялық орталық» ЖШС мен «ҚазАгро» АҚ филиалы, сондай-ақ рұқсат беру құжаттары бойынша қызмет көрсететін бөлімдердің мамандары орналасатын болады.