Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылорда облысының тұрақтандыру қорында 6 мың тоннадан астам азық-түлік сақталмақ

Қызылорда облысының тұрақтандыру қорында 6 мың тоннадан астам азық-түлік сақталмақҚызылорда облысында тұрақтандыру қоры бірте-бірте маусымдық азық-түлікпен толығуда, деп хабарлайды BNews.kz
«Жоғары сұранысқа ие азық-түліктер бағасын тұрақтандыру мақсатында арнайы аймақтық комиссия 2014-2015 жылдары тұрақтандыру қоры үшін 6220 тонна азық-түлік сатып алу туралы шешім қабылдады. Тауарлар да маусымдық қажеттіліктерге сай біртіндеп жеткізілуде. Биыл тұрақтандыру қорына 1350 тонна картоп сатып алу жоспарланған, оның 500 тоннасы – жергілікті картоп өсірушілермен бекітілген фьючерстік келісім негізінде. Облыста шығарылмайтын өнімдер еліміздің басқа өңірлерінен әкелінеді», - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Пірмұхамед Сыздықов. 
Қазіргі таңда азық-түлік өнімдері республиканың оңтүстік облыстары мен көрші мемлекеттерден жеткізілуде. Бүгінде тұрақтандыру қорында 200 тоннаға жуық көкөніс сақталған.
«Бағаны реттеуде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің де алатын орны зор. Жыл басынан бері Қызылорда облысында 73 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп, онда 26,7 млн теңгенің тауары сатылды», - деп толықтырды ол.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: