Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Көршісінің үйінен телефон ұрлады

Титов қыстағының тұрғыны үйінен ұялы телефоны ұрланғандығы жөнінде хабарлама берді. Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері телефон ұрлығына қатысы бар күдікті азаматты ізін суытпай қолға түсірді. 
Тексеру барысында күдікті 37 жастағы облыс тұрғыны көршісінің үйіне келіп, ас ішіп болып, қонақ бөлмеде қуат көзінде тұрған телефонды алып кеткендігі белгілі болды.
Күдіктіден ұрланған ұялы телефон айғақ зат ретінде алынды.
Қазіргі таңда оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның мән-жайларын анықтап жатыр
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: