Арал аудандық сотында азаматтық істерде медиация тәртібін сәтті қолдана бастады. Бұл жөнінде аудандық соттың баспасөз қызметі мәлім етті.
Сот залында азаматтық істерді қарау барысында тараптарға бітімгершіліктің басым жақтары мен медиация тәртібімен шешу жолы кеңінен түсіндірілг.Осының нәтижесінде тараптар медиаторларға жиі жүгіне бастады. Бүгінде бұл нәтижесін беруде. Арал аудандық сотында бір күннің ішінде 10 азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды.
Олар талап қоюшы Н.-ның жауапкерлерден алашақ ақша өндіру туралы азаматтық істері. Аталған істер бойынша кәсіпқой медиатор Б.Бердалиев «Медиация туралы» Заңның 27-бабының талабына сәйкес медиация рәсімін өткізіп, тараптардың келісімге келуіне қол жеткізіп, «дауды реттеу туралы келісім» жасап, сотқа ұсынды. Осының негізінде жоғарыда аталған істер өндірістен қысқартылды.